13 қараша 2018 12:24

"Қорғаста" бекеттен өтетін қол жүгінің салмағы екі есеге азаяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап еліміздегі кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге дейін азайтылып, 25 келі болады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап еліміздегі кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге дейін азайтылып, 25 келі болады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Алайда, телеарнадағылардың мәліметінше, бұл кедендерде жалданып тауар алып өтуге тырысатын делдалдардың күрт көбеюіне итермелеуі мүмкін. Шекара бақылаушыларының сөзіне сүйенсек, қазірдің өзінде "Алтынкөл" кеден бекетінде кептелген саудагерлердің ұзын-сонар кезекке тұрып, тіпті өзара жаға жыртысуына сол жалдамалы жұмысшылар себепкер.

Мысалы, "Алтынкөл" кеден бекетінде арзан тауар іздейтіндер көп екені айтылады. Өткен сенбіде ғана 5800-ге жуық адам кеден арқылы "Қорғас" сауда аймағына өткен. Бірақ олардың бәрі алыстан арнайы келген турист емес. Кеден асатындардың басым бөлігі - салықсыз тауар алып шығуға жалданған жергілікті делдалдар.  

Кеденшілердің айтуынша, тауар тәркілеу, әкімшілік хаттама толтыру сынды қатал шараларға барғандықтан, жалдамалы жандардың саны сәл де болса азайды. Қытай дүниесіне қызыққан халық саны көбейгендіктен кеденшілер мен шекарашылардың күнделікті жұмыс уақыты артқан.

Айтуларынша, биылғы он айда 1 мыңнан аса қымбат құндыз ішік, жарты тоннадан астам тыйым салынған дәрілік заттар, 2 мың ұялы телефон тәркіленген.

"Алып өту кезінде адамдар неше түрлі алдауларға барады. Мысалы, сыртын көрпе-жастықпен орап алады. Ішінде неше түрлі нәрсе тығылып жатады. Мысалы, қазір алып өтетін тауардың салмағы 50 келі, кедендік құны 1,5 еуро болатын болса, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құнын 500 долларға азайғалы отыр", - деді "Алтынкөл" бас маманы Бекен Нұрахметов.

"Қорғас" кеден бекетінен күніне орташа есеппен 40 тоннадан аса қол жүгі өтеді екен. Ал қалыпты көрсеткіштен көбейіп кеткен қол қапшықтағы бір келі зат үшін 4 еуро төленеді. Бекеттегі бақылауды берік етудің арқасында мемлекетке тек қол жүгінен күніне 1 миллион теңгеге шамасында табыс түседі.

Бекет бақылаушыларының айтуынша, тауарды тегін алып өту салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кеден кірісі көбеюі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети