10 наурыз 2015 09:29

Қорқор шегуге салынған тыйым заңға айналуы керек - коалиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

©krasota-zdorovje.info ©krasota-zdorovje.info

"Темекі түтінінен ада Қазақстан үшін" ұлттық коалициясы қорқорға заңмен тыйым салынуы керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне коалиция жетекшісі Жәмила Садықова айтты. 


"Темекі түтінінен ада Қазақстан үшін" ұлттық коалициясы қорқорға заңмен тыйым салынуы керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне коалиция жетекшісі Жәмила Садықова айтты. 

"Қорқорды қоғамдық орындарда шегуге салынған тыйымды одан әрі қатайту қажет, себебі Қазақстанда жасөспірімдер арасында қорқор шегудің жаңа "эпидемиясының" белгілері байқала бастады. Қорқорға тыйым салу туралы қаулы ұлттық заң мәртебесіне ие болуы және қазір Қазақстан Парламенті Сенатында қаралып жатқан ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заң талаптарына енгізілуі керек", - деді Садықова. 

Ұлттық коалиция мұндай мәлімдемені "HoReCa-Қазақстан" Мейрамхана-қонақүй кәсіпорындары ұлттық қауымдастығының президенті Игорь Копайлоның жуырдағы сөзінен кейін жасап отыр, Копайло Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қорқорға тыйым салу туралы қаулысы заңсыз қабылданған деп мәлімдеген еді. "Қоғамдық орындарда қорқор тартуға тыйым салу 12 көңіл көтеру орнын тексергеннен кейін қабылданды, ал республикада мұндай 20 мыңнан астам мекеме бар. Бұл орындардың қалай тексерілгенін анықтау қажет, олардың не себепті аз болғанын, тағы басқа", - деді қауымдастықтың заңгері Асқар Қаймақов. Оның айтуынша, қауымдастық ҚР Бас прокуратурасына осы мәселені түсіндіріп беру жөнінде өтініш жасады, содан кейін қаулының күшін жою және қоғамдық орындарда қорқорға тыйым салуды заңсыз деп тану туралы сотқа шағымданбақ. 

Садықова болса, қоғамдық орындарда қорқорға тыйым салу туралы қаулыны қорғау мақсатында күресіп бағатынын мәлімдеді. "Сотта оппоненттердің нақты дәйектерін есте қызық болар еді. Әзірше мен заңды сыйламайтын рестораторлардың эмоциясын ғана көріп тұрмын", - деді коалиция басшысы. Садықованың айтуынша, халықаралық зерттеулер улану салдарының жоғары болуына байланысты қорқорға тәуелділер арасында өкпе рагы, ерлер бедеулігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, респираторлық және басқа да аурулардың өршіп бара жатқанын көрсетіп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети