Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының оныншы сабағы, жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалда инвестициялар мен қиын терминдерді жан-жақты талқылаймыз.
Инвестициялар тәуекелмен байланысты және білімді талап етеді.
Акция мен облигация дегеніміз не, заңды брокерді алаяқтардан қалай ажыратуға болады және жаңадан бастаған болсаңыз, портфеліңіздің құралдарын таңдауды неден бастау керек. Толығырақ айтып берейік.
Акция мен облигация дегеніміз не, заңды брокерді алаяқтардан қалай ажыратуға болады және жаңадан бастаған болсаңыз, портфеліңіздің құралдарын таңдауды неден бастау керек. Толығырақ айтып берейік.
АКЦИЯ ДЕГЕНіміз НЕ?
Қарапайым тілмен айтқанда, акция дегеніміз – бизнестегі үлес. Кез келген компанияның акциясын сатып ала отырып, сіз автоматты түрде оның ортақ иесі атанасыз. Акция – осыны растайтын бағалы қағаз.
Акция сатып алғанда сіз мынадай құқықтарға ие боласыз:
1. ДИВИДЕНД АЛУ ҚҰҚЫҒЫ. Компания пайдасының бір бөлігін алу
2. ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ. Акционерлер жиналысына қатысу. Компанияның шешімдеріне ықпал ету
3. МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫ. Компания таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігіне үміткер болу
2. ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ. Акционерлер жиналысына қатысу. Компанияның шешімдеріне ықпал ету
3. МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫ. Компания таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігіне үміткер болу
Бірақ акционер ретінде сіз компанияның табысы жақсы болса, пайда көресіз, ал жағдайы нашарласа немесе өзін банкрот деп жарияласа, тәуекелді де өз мойныңызға аласыз.
АКЦИЯларДАН ҚАЛАЙ ТАБЫС ТАБУҒА БОЛАДЫ?
1 ӘДІС: ДИВИДЕНДТЕР
Егер компания жақсы жұмыс істесе, жылдың аяғына қарай таза табыс жинақталады. Ол акционерлерге берілуі мүмкін. Дивиденд дегеніміз осы.
⚠️ ДИВИДЕНД ӘРДАЙЫМ ТӨЛЕНБЕЙДІ
Компания пайда тапса да, ақшаны өзінде қалдыруды шешуі мүмкін.
Қандай мақсатта:
- Өндірісті кеңейту
- Жаңа жабдық сатып алу
- Филиалдар желісін ашу
Бұл шешім жылдық акционерлер жиналысында қабылданады.
ҚОРЫТЫНДЫ: Дивидендтерден табыс табатыныңызға кепілдік жоқ!
2 ӘДІС: АКЦИЯ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІ
Егер компания жақсы жұмыс істесе және оның акцияларына сұраныс болса, акция бағасы өседі.
Акцияны сатып алған бағадан қымбатырақ сатсаңыз = табыс таба аласыз.
⚠️ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Акция бағасы көптеген факторларға байланысты:
- Компанияның қаржылық көрсеткіштері
- Негізін қалаушыға қатысты жаңалықтар
- Басшыға қатысты жаңалықтар
- Саладағы жаңалықтар
- Нарықтағы жалпы жағдай
Тіпті жағымсыз жаңалықтар да акция бағасын төмендетуі мүмкін. Бірақ баға құлдыраған кездегі басты ереже — байбаламға салынып, акцияларды сата салмау→ алдымен себебін нақтылап алу.
ОБЛИГАЦИЯ дегеніміз не?
Облигация – бұл қарыздық бағалы қағаз. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз эмитентке қарызға ақша бересіз. Эмитент дегеніміз – облигацияларды шығарушы. Эмитент Қаржы министрлігі, қалалық әкімдік немесе жекеменшік компания болуы мүмкін. Мысалы, Jet Finance қаржылық-технологиялық тобы корпоративтік облигациялар шығарады.
Облигацияны шығара отырып, эмитент сізге жүйелі түрде пайызын төлеуге және мерзім соңында қарыздың барлық сомасын қайтаруға міндеттенеді
Облигация бойынша пайыз купон деп аталады. Тарихи тұрғыда облигациялар қағаз түрінде болған, олардың шетінде жыртып алынатын шағын талондар орналасқан. Сол талондардың әрқайсысы купон саналатын. Қазір қағаз купондар жоқ, бірақ атауы сақталып қалды.
Әр облигацияның номиналдық құны болады. Бұл — облигацияның мерзімі аяқталған кезде оның иесіне қайтарылатын сома.
БІРАҚ!
Бір ғана компанияның акцияларына инвестиция салу:
❌ Өте қауіпті
⚠️ Банкрот болып қалса ше?
❌ Өте қауіпті
⚠️ Банкрот болып қалса ше?
Тек бір компанияның облигацияларын сатып алу:
❌ Бұл да қауіпті
⚠️ Қарыздарын төлей алмай қалса ше?
❌ Бұл да қауіпті
⚠️ Қарыздарын төлей алмай қалса ше?
ШЕШІМ: әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялау
Алайда 100 акция мен 100 облигация сатып алу: ❌ Айтарлықтай қымбат
Онда не істеу керек? Мұндай кезде ETF деп аталатын құрал көмекке келеді.
ETF Exchange-Traded Fund — биржада саудаланатын қор. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — әртүрлі компаниялардың акциялары жинақталған қоржын.
Сіз не аласыз: 1 қорды сатып ала отырып → бірден оның ішіндегі жүздеген, тіпті мыңдаған бағалы қағазды иемденесіз.
Сіз не аласыз: 1 қорды сатып ала отырып → бірден оның ішіндегі жүздеген, тіпті мыңдаған бағалы қағазды иемденесіз.
АҚСТАНДА АКЦИЯЛАР МЕН ОБЛИГАЦИЯЛАР ҚАЙДА САҚТАЛАДЫ?
Биржаларда. Биржа дегеніміз – акциялар мен облигациялар сатып алынатын және сатылатын цифрлық нарық. Қазақстанда екі биржа бар.
KASE, немесе Қазақстан қор биржасы. Мұнда қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздары шоғырланған.
Сайты: kase.kz
Сайты: kase.kz
Және АХҚО-дағы AIX. Бұл — халықаралық инфрақұрылымы мен жеке реттеушісі бар және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған алаң.
Сайты: aix.kz
Сайты: aix.kz
Бірақ биржада акция мен облигациялар сатып алу үшін кәсіби делдал қажет. Мұндай делдал брокер деп аталады. Ол — сіздің тапсырмаңыз бойынша облигация секілді бағалы қағаздарды сатып алып, сататын лицензиясы бар делдал.
СІЗ:
- Брокерлік шот ашасыз
- Брокерлік шотқа ақша саласыз
- Брокерге тапсырма бересіз
БРОКЕР:
- Сіздің атыңыздан акциялар/облигациялар сатып алады. Оларды сіздің шотыңызға салады
⚠️ АСА МАҢЫЗДЫ:
Сіз қаражатыңызды брокерге аударасыз, сондықтан абайсызда ақшаңызды алаяқтарға аударып қоймау үшін, таңдау кезінде аса мұқият болуыңыз керек.
ҚАЗАҚСТАНДА БРОКЕРДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?
1 ҚАДАМ: ЛИЦЕНЗИЯСЫН ТЕКСЕРУ
KASE биржасында сауда жасау үшін:
Брокердің лицензиясы болуы тиіс: Оны ҚНРДА (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) береді
Осы жерде тексеруге болады: gov.kz → бұл - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының тізілімі
Брокердің лицензиясы болуы тиіс: Оны ҚНРДА (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) береді
Осы жерде тексеруге болады: gov.kz → бұл - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының тізілімі
⚠️ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
Егер брокер екі биржада да сауда жасауды ұсынса: оны екеуінен де тексеріңіз!
2 қадам: АҒЫМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІН ТЕКСЕРУ
Егер брокер бұл тізімдерде жоқ болса = бір шикілігі бар деген сөз
3 қадам: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРУ
KASE биржасында:
Қағаздарыңыз қай жерде сақталуы керек: «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ
Кімнің шотында: Сіздің ЖСН бойынша ашылған дербес шотта
БҰЛ – меншік құқығын растайтын басты құжат
Қағаздарыңыз қай жерде сақталуы керек: «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ
Кімнің шотында: Сіздің ЖСН бойынша ашылған дербес шотта
БҰЛ – меншік құқығын растайтын басты құжат
AIX биржасында:
Қағаздарыңыз қай жерде сақталуы керек: AIX CSD (Central Securities Depository)
Қалай тексеруге болады: AIX CSD-ден үзінді көшірме сұрату
Қағаздарыңыз қай жерде сақталуы керек: AIX CSD (Central Securities Depository)
Қалай тексеруге болады: AIX CSD-ден үзінді көшірме сұрату
4 қадам: тарифтерімен танысу
Мына комиссияларды міндетті түрде тексеріңіз:
- Мәмілелер үшін (сатып алу/сату)
- Қағаздарды сақтау
- Ақша салу
- Ақша шығару
- Валюта конвертациясы
Басқа да шығындар:
- Абоненттік төлем
- Сауда платформасына кіру
- Қосымша қызметтер
Салыстырыңыз:
- Бірнеше брокердің тарифтерін
- Сіздің инвестиция көлеміңізге сай комиссияларды
- Жасырын төлемдерді
5 қадам: қосымша мен сайтты зерттеу
Сенімді брокерлерде әдетте мыналар болады:
- Листинг бойынша сүзгілер. Құралдарды ыңғайлы іздеу
- Эмитенттердің рейтингтері. Компаниялардың сенімділігін бағалау
- Тәуекелдер туралы ескертулер. Құбылмалылық жөніндегі ақпарат
- Инвесторды тестілеу. Тәжірибеңіз бен мақсаттарыңызды бағалау
- Оқу материалдары. Білім базасы, вебинарлар
АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРІ
🚩 1 БЕЛГІ: ЖОҒАРЫ ТАБЫС ТАБАТЫНЫҢЫЗҒА КЕПІЛДІК БЕРУ
Айтатыны: «Ешқандай тәуекелсіз, айына 20%-дан жоғары табысқа кепілдік береміз»
Шындық:
Шындық:
- Инвестиция әрқашан тәуекелмен байланысты
- Табыс табатыныңызға ешкім кепілдік бере алмайды
- Айына 20% = жылына 240% → мүмкін емес
ҚОРЫТЫНДЫ: Бұл - алаяқтар (қаржы пирамидалары туралы сабақты көріңіз)
🚩 2 белгі: ҚАШЫҚТАН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК СҰРАУ
Не сұрайды:
- Компьютерге қашықтан кіру
- Телефонға қашықтан кіру
- Интернет-банкингке кіру
- «Сізді платформаға қосу үшін»
ҚОРЫТЫНДЫ: Деректеріңіз бен ақшаңызды ұрлағысы келеді
🚩 3 белгі: жеке тұлғаның картасына ақша аудару
ең басты қауіпті белгі!
Не сұрайды:
- Жеке тұлғаның картасына ақша салуды
- P2P арқылы аударуды
- Криптовалюта арқылы аударуды
- «Сауда шотын толықтыру қоры»
Мысалы: «Алдымен Азаматқа ақша аударыңыз, Азамат сіздің шотыңызға салады»
⚠️ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Брокерлік шотқа ақшаны:
- Тек өзіңіз ғана аудара аласыз
- Өз атыңыздан ғана аудара аласыз
- Брокердің (заңды тұлғаның) шотына аударасыз
🚩 4 белгі: тізілімдерде жоқ
Айтатыны: «Брокер шет мемлекетте тіркелген»
Не істеу керек: Компанияның биржа мүшелерінің тізімінде бар-жоғын тексеріңіз
Егер жоқ болса: = Алаяқтар
Не істеу керек: Компанияның биржа мүшелерінің тізімінде бар-жоғын тексеріңіз
Егер жоқ болса: = Алаяқтар
🚩 5 белгі: өздері басқарғысы келеді
Айтатыны:
- «Сіз тек ақша саласыз»
- «Басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ»
- «Біз бәрін өзіміз істейміз»
- «Тек кішігірім комиссия төлесеңіз болғаны»
Шындық:
- Бұл - заңсыз сенімгерлік басқару
- Немесе ақша ұрлау схемасы
⚠️ есіңізде болсын:
Егер кем дегенде БІР қауіпті белгіні байқасаңыз:
❌ Ақша аудармаңыз
🚫 Барлық байланысты бұғаттаңыз
📞 ҚНРДА-ға хабарлаңыз
❌ Ақша аудармаңыз
🚫 Барлық байланысты бұғаттаңыз
📞 ҚНРДА-ға хабарлаңыз
ИНВЕСТИЦИЯЛАУ СТРАТЕГИЯСЫ
Инвестициялық стратегия неден құрылады? Ол сіздің мақсатыңызға байланысты. Инвестициялау стратегияларының мысалдарын ұсынамыз. Бірақ есіңізде болсын: бұл — инвестициялық кеңестер емес.
1 мақсат: ҚАЗІР ПАССИВТІ ТАБЫС ҚАЖЕТ БОЛСА
Портфель:
- Облигациялардың үлесі көбірек
- Дивидендтік қорлар
- Құбылмалылығы төмен
Бағдар: 30–40% акциялар / 60–70% облигациялар
2 мақсат: зейнетке шыққанша ақша жинағыңыз келсе
Мерзімі: 10-30 жыл
Портфель:
- Негізінен акциялар
- Кең ауқымды ETF-тер
Бағдар: 70-80% акциялар / 20-30% облигациялар
3 қадам: ауқымды сауда жасауды жоспарласаңыз
Мысалдар:
- 10 жылдан кейін балалардың білім алуы
- 10 жылдан кейін жылжымайтын мүлік сатып алу
Портфель:
- Негіз ретінде - акциялар
- Кең ауқымды ETF-тер
- Мақсат жақындаған сайын облигацияларға біртіндеп ауысу
Қысқа мерзімді инвестициялар (3 жылға дейін) жасамағаныңыз жөн:
❌ Тәуекелі тым жоғары
❌ Нарық құлдырау кезеңінде болуы мүмкін
❌ Тәуекелі тым жоғары
❌ Нарық құлдырау кезеңінде болуы мүмкін
ДҰРЫСЫ: Депозиттер мен қысқа облигациялар
ҰСЫНЫЛАТЫН МЕРЗІМДЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР:
3 ЖЫЛҒА ДЕЙІН:
- Депозиттер
- Қысқа облигациялар (1 жылға дейін)
5-7 жыл:
- Аралас портфель
- 50% акциялар / 50% облигациялар
10 жылдан астам:
- Акцияларға басымдық беру
- 70-80% акциялар
- Тарихи тұрғыда ұзақ мерзімде инфляциядан озып отырады
тәуекел–бейін
өзіңізді шынайы бағалаңыз:
Сұрақ: Портфеліңіз -10% / -20% / -30% төмендесе, қалай әрекет етесіз?
1 тип: КОНСЕРВАТИВті
Әсері: -10% төмендеудің өзі қатты алаңдатады
Портфель:
Портфель:
- Тыныш, тұрақты болуы керек
- Облигациялар көбірек (70-80%)
- Акциялар азырақ (20-30%)
2 тип: орташа
Әсері: -10-15% төмендеу ұнамайды, бірақ шыдауға болады
Портфель:
Портфель:
- Теңгерімді
- 50% акциялар / 50% облигациялар
3 тип: АГРЕССИВті
Әсері: -20-30% төмендеу — қорқынышты емес, болашақтағы табыстың ақысы
Портфель:
Портфель:
- Акциялардың үлесі көбірек (70-80%)
- Облигациялар азырақ (20-30%)
⚠️ бірақ кез келген жағдайда:
Ауқымды индекстерге негізделген ETF-тен бастаңыз:
- Құлдырауы азырақ
- Дүрбелеңмен сатып жіберуден қорғайды
Инвестициядағы тыйымдар:
1. Барлығын бір компанияға немесе бір идеяға салу
2. Кредитке алған ақшаны инвестициялау
3. Брокерлерден кредит алу (маржиналдық сауда)
2. Кредитке алған ақшаны инвестициялау
3. Брокерлерден кредит алу (маржиналдық сауда)
Алдымен қаржылық қауіпсіздік жастығын құрыңыз, кейін сенімді брокерді таңдаңыз, содан соң барып кең ауқымды ETF-терге алғашқы инвестицияңызды салыңыз. Үйрене жүріп әрекет етіңіз, бірақ ешқашан соңғы ақшаңызды тәуекелге тікпеңіз.
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Қарапайым тілмен айтқанда, акция дегеніміз не?
Брокердің KASE және/немесе AIX үшін заңды екенін қалай тексеруге болады?
Заңды брокерде сіздің бағалы қағаздарыңыз қай жерде есепке алынуы тиіс?
Жалған брокердің/алаяқтық сервисінің қауіпті белгісі қайсысы?
Жаңадан бастаған инвестор портфель мен стратегия құруды неден бастағаны дұрыс?
🔴 Төмен нәтиже
Сіз инвестицияларды енді түсініп бастадыңыз. Әзірше акцияны облигациядан, қауіпсіз брокерді алаяқтан оңай ажырата алмайсыз. Материалды қайталап алғаныңыз жөн.
🟠 Орташа нәтиже
Сіз акциялар, облигациялар мен ETF арасындағы айырмашылықты түсінесіз. Портфельді құра бастасаңыз болады, бірақ мұқият болыңыз, тәуекелдерді ескеріп, бәрін бір компанияға салмаңыз.
🟠 Орташа нәтиже
Сіз акциялар, облигациялар мен ETF арасындағы айырмашылықты түсінесіз. Портфельді құра бастасаңыз болады, бірақ мұқият болыңыз, тәуекелдерді ескеріп, бәрін бір компанияға салмаңыз.
🟢 Жоғары нәтиже
Тамаша! Портфеліңізге диверсификация жасалған, брокер тексерілген, алаяқтық схемаларды ажырата аласыз. Инвестициялауды бастасаңыз болады.
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды
қолдауымен жасалды