26 қаңтар 2020 14:59

Коронавирусқа қатысты ШҚО-да Қытаймен шекара жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Коронавирусқа қатысты Шығыс Қазақстан облысында ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекара жабылды, - деп хабарлайды 24.kz.


Коронавирусқа қатысты Шығыс Қазақстан облысында ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекара жабылды, - деп хабарлайды 24.kz.

Кеден бекеттерінде бақылау күшейтілді. Осыған дейін өңірге келген шетелдіктер тепловизорлар арқылы тексеруден өтті. Облыстың шекаралас Зайсан және Үржар аудандарында медициналық қызметкерлерге қосымша нұсқаулық өткізілді. Эпидемиологтар вирусқа қарсы оқу-жаттығуларға дайындалып жатыр. Өткен айдың өзінде Қазақстан мен Қытайдың үш мыңнан аса азаматы шекарадан өткен.

Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді

"Жолаушылар мен тасымалдаушылар арасында күдікті жағдайлар тіркелген жағдайда әрекет ету алгоритмі мен ақпарат схемасы бар. Шекара бекеттерінде келген адамдардың дене қызуын өлшейтін тепловизорлар бар", - деді ШҚО бойынша ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысының міндетін атқарушы Әлия Оспанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети