08 маусым 2016 10:21

Қош келдің, Интернет! Терактіден кейінгі Ақтөбе

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде 7 маусымда таңғы сағат 7.00-де Интернет қосылды. Телефондардың даусы шыға бастады. WhatsApp-та оқылмаған хабарлама саны да жетерлік. Облыстық әкімдіктің жанындағы кішігірім мейманханада журналистер жақсы жаңалықты атап өтіп отыр. Қалада Интернетпен қоса, банктер мен үлкен сауда кешендері жұмысын бастады. Қаланың орталығындағы дәмхана да өз келушілерін қарсы алып жатыр. Түлектер ҰБТ тапсырып жатыр. Тек анда-санда тікұшақпен өтіп бара жатқан полицейлер 5 маусымдағы жағдайды еске түсіреді.


Ақтөбеде 7 маусымда таңғы сағат 7.00-де Интернет қосылды. Телефондардың даусы шыға бастады. WhatsApp-та оқылмаған хабарлама саны да жетерлік. Облыстық әкімдіктің жанындағы кішігірім мейманханада журналистер жақсы жаңалықты атап өтіп отыр. Қалада Интернетпен қоса, банктер мен үлкен сауда кешендері жұмысын бастады. Қаланың орталығындағы дәмхана да өз келушілерін қарсы алып жатыр. Түлектер ҰБТ тапсырып жатыр. Тек анда-санда тікұшақпен өтіп бара жатқан полицейлер 5 маусымдағы жағдайды еске түсіреді.

Таксиде келе жатырмыз. Жүргізуші жас жігіт ауылда болған атыс туралы айтып жатыр.

 - Ал сен қайдан білдің?

- Сендерге хабарлама келген жоқ па?

- Жоқ. Саған ше? Көрсетші.

- Жоқ, маған хабарлама келмеді. Достарымнан естідім.

WhatsApp-та кейбір ақтөбеліктер 8-ші ықшамаудандағы мектептің жанында атыс болғанын айтып отыр. Мектепке кіреберіс жерде әйел аудиожазбадан "атыс болып жатыр" деген хабарламаны тыңдайды.

- Шынымен солай болған ба?

- Жоқ, жай қауесет шығар. Бәрі дұрыс.

- Мен кеше ғана айтып отыр едім: егер біздің мектепке шабуыл жасаса, - деді мұғалім. - Ал маған:  "Олардың басқа айналысатын ісі жоқ па біздің мектепке шабуыл жасағаннан басқа".

Мектептің жанын айналып өттік. Біздің жолдағы ең қауіпті жер - қолында ойыншық автоматы бар бала. Кейінірек біз бұл ауданға қайтып келеміз. Қазір облыстық ІІД-не барамыз. Ғимарат қирамаған, бүтін. Орындықта отырған ер адам да ешнәрсе болған жоқ деді: "Иә, расында мектеп жақта полицейлер жүгіріп жүрген. Не үшін жүгіріп жүргендерін кім білсін".

Лаңкестерден зардап шеккен отбасыларға таңертеңнен бастап көңіл айтылды. Оларға жақындары мен туыстары, сонымен қатар - облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та келді. Кейінірек "Нұр Отан" партиясы басшысының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп қайтты. Бірақ алғашқы екі отбасына Сапарбаев өзі кіріп шықты. Сол отбасылардың бірінде "Күзет" қызметінің қызметкері - Мейірхан Тәжібаевпен қоштасу рәсімі өтті. Ол "Паллада" қару-жарақ дүкенінің жанында өлтірілген болатын.

Сосын әкім сол дүкеннің сатушысы, қайтыс болған Андрей Максименконың отбасына келді. Әкім ол пәтерден шығып бара жатқанда Андрейдің анасы Тамара Павловна оған: "Сіз оларға айтыңызшы, бізге әлі баламның өлімі туралы анықтама берген жоқ. Кіші баламның да шыдамы жетті". Бұл өтінішін біз жеткіздік.

Келесі отбасында да әкімге осындай өтініш айтылды. Светлана Матросова Мұхтар Құл-Мұхаммедтен оған күйеуі Михаилдың неке сақинасын алып беруін сұрады. Әйелге сақинаны беруге уәде берді.

Құл-Мұхаммед жесір әйелге бұл терактілердің сорақы оқиға екенін, лаңкестердің адам емес екенін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының оларды заң жүзінде жазалайтынын айтып түсіндірді. Ол әйелге барлық күдіктінің ұсталғанын: олардың сот алдында жауап беретінін айтты.

"Бәріміз де мұндай ауыр күндері сіздермен біргеміз. Ақтөбеліктер, еліміздің барлық тұрғыны сіздермен бірге, сіздерді қалдырмаймыз". 

Әкімдер кете бастағанда әйелдер қайта жылай бастады.

"Ол қолынан келгеннің бәрін жасайтын. Біз ешқашан ұрыспайтынбыз...", - деп жылады Светлана.

"Өкінішке қарай, өлім айтып келмейді. Ешкім де одан сақтанбаған. Сіздерге көңіл айтамыз", - деді партияның мүшесі.

Облыстық ІІД жанындағы кішігірім дүкеннің есігінде былай жазылып тұр екен: "Есікті қағыңдар, ашық". Расында да есікті қаққан соң ішінен әйел шығып, жан-жағына қарады. "Есікті жауып алған себебім, қорқамын", - деді әйел.

- Сіздің қасыңызда полицейлер бар ғой.

- Білмеймін, сонда да қорқамын.  

- Енді қайтіп жұмыс істеп жатырсыз? Адамдарды сақалдарына қарап, ажыратып жатырсыз ба? Олар сақалдарын алып тастай да алады.

- Білмеймін, бәрі де мүмкін.

Бір кезде облыстық әкімдікте Интернет өшіп қалды, кейіннен жарық та өшті. Тікұшақтың дауысы естіле бастады. Айтылған сыбыстар шынында да рас сияқты.

Бірақ бірнеше минуттан соң барлығы да жұмыс істей бастады. 8 маусымда Ақтөбе тұрғындары лаңкестерден қаза тапқандарды соңғы сапарға шығарып салып жатты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети