05 қыркүйек 2018 09:13

"Көше кезіп жүрген". 10 жастағы қыз Молдовиядан Қазақстанға қайтарылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дипломаттар Молдавиядан Қазақстанға 10 жастағы қызды қайтаруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстандық дипломаттар Молдавиядан Қазақстанға 10 жастағы қызды қайтаруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомстодағылардың айтуынша, 2006 жылы Қазақстан азаматшасы О. Молдавияға азаматтық күйеуімен (Молдова азаматы) көшіп кеткен. 2007 жылы олардың қызы дүниеге келді.

"Олесяның күйеуімен қарым-қатынасы жақсы болмағандықтан, ол 2009 жылы қызымен бірге Қазақстанға қайта оралды. Алайда үш жылдан соң қыздың әкесі Қазақстанға келіп, оны Молдавияға алып кетті, кейінірек әкесі қыздың тәрбиесіне мүлде араласпағаны анықталды, салдарынан кішкентай қыз көше кезіп жүруге мәжбүр болған және тұратын жері болмапты. Қызым қатты қорқып қалыпты және анасына оралғысы келді", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Осылайша, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп кәмелетке толмаған баланы қайтаруға көмектесті. Комитет үнемі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ Кишинев қаласындағы (Молдова) Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен үнемі хат алмасып отырған. 

Нәтижесінде қыз бас консул кеңесшісінің сүйемелдеуімен көп ұзамай Қазақстанға келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети