13 тамыз 2019 10:52

"Көше шамдары жұмыс істемейді": Астана әкімі қараусыз қалған саябақты аралап шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© http://astana.gov.kz © http://astana.gov.kz

Астана әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралап шықты. Парк аумағы 113 гектар. Мұнда велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар бар. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. 

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары болса күтімсіз, кеуіп қалған. Тәртіп сақтауды тек бір ғана адам қадағалайды.

"Саябақтың ішінде камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандыруға кірісіп, оны тиісті түрге келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін де зор пайдасы бар, себебі аумақта жүгіру, велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін "Алматы" ауданы әкімдігі қолға алады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек", - деді Көлгінов.

Астанада барлығы 10 иесіз қалған саябақтар мен скверлер бар. Әкімдік аумақты абаттандыру және теңгерімге беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети