Көшеде қайықпен жүзген астаналықтарға салынған айыппұлдың күші жойылды

14 Қыркүйек, 13:47
0
Tengrinews.kz фотоколлажы
Tengrinews.kz фотоколлажы

Астанада қатты жауын-шашын кезінде үрлемелі қайықпен жүрген елордалықтарға салынған айыппұлдың күші жойылды. Бұл туралы олардың заңгері өзінің Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қайықшыларды ақтап щықты. Астана қаласының соты біз шағымданғаннан кейін көшені қайықпен кезген ер адамдарға салынған айыппұлының күшін жойды. Сондай-ақ, 11 қыркүйекте қала прокурорының орынбасарлары да бұл үкімге шағымданыпты. Дмитрий мен Жандосты құттықтаймыз. Оның үстіне Жандосты туған күнімен құттықтаймын", - деп жазды заңгер Сергей Сизинцев.

"Шағымда біз мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына келіспей, қылмыс құрамының жоқтығына байланысты сот үкімін қайта қарастыруын сұрадық. Біздің ұсынысымыз қабылданып, сот шешімі өзгертілді", - дейді заңгердің көмекшісі Жайна Тоқабаева.

Ақталғандардың бірі Жандос Садыбековтің сөзінше, бұл жағдай оларға сабақ болды. 

"Мұндай жағдайды келешекте енді қайталамаймыз. Бұл іс бізге заң жағынан күмән тудыратын болса, заңгерлердің көмегіне жүгінуді үйретті", - дейді Жандос Садыбеков. 

Еске сала кетейік, 20 тамызда Астана қатты жауын-шашын болған еді. Сол кезде екі астаналық үрленетін қайық алып, көше бойымен жүзіп жүрген болатын. Полиция қызметкерлері олардың бұл әрекеті үшін 12 025 теңге көлемінде айыппұл салды.

Су басқан көшеде қайықпен жүзген астаналықтар айыппұлмен келіспейтінін айтты

Осыған дейін әлеуметтік желіде ер адамдардың қайықпен жүзген видеосы жұрттың назарын аудартып, қызу талқыға салынған. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай