09 мамыр 2014 11:36

Қошқарбаев: Қандай жағдай болмасын Рейхстагқа ту жеткізуіміз керек болатын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов

Кеңестік оқулықтарға сай, Рейхстагтың төбесіне бірінші болып Жеңіс туын тіккендер – сержанттар Кантария мен Егоров. Бірақ біршама уақыт өткен соң қазақстандықтар іс жүзінде Рейхстагқа бірінші болып жеткендер мен Жеңіс жалауын жеткізгендердің аты-жөндерін білді. Олар – қазақ Рақымжан Қошқарбаев пен ресейлік Григорий Булатов.


Кеңестік оқулықтарға сай, Рейхстагтың төбесіне бірінші болып Жеңіс туын тіккендер – сержанттар Кантария мен Егоров. Бірақ біршама уақыт өткен соң қазақстандықтар іс жүзінде Рейхстагқа бірінші болып жеткендер мен Жеңіс жалауын жеткізгендердің аты-жөндерін білді. Олар – қазақ Рақымжан Қошқарбаев пен ресейлік Григорий Булатов.

"Біз Грегорий Петрович Булатов екеуміз 7,5 сағаттай еңбектедік. Шын, мен ешқашан тірі қаламын деп ойлаған жоқпын. Біз Рейхстагқа жақындағанда, әлде қандай жағдай бола қалса деп, Қызыл жалаудың төменгі бұрышын жазып жібердім де, өзіміздің полктің нөмірін жаздым. Бізге өлуге уақыт жоқ, біз өлмеуіміз керек, біз қандай жағдай болмасын шабуылдау Қызыл жалауын Рейхстагқа жеткізуіміз керек", - деп есіне алған бұрындары Рақымжан Қошқарбаевтың өзі.

Ол 2007 жылға дейін мойындалмаған батыр болды. Оның ерлігіне Кеңес Одағында жаппай сүйсіну болған жоқ және оның есімі тарих оқулықтарына енгізілген жоқ.

Ұлы Жеңіске 60 жыл толғаннан кейін ғана оның ерлігін Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери тарих институты құжатты түрде бекітті. Ал оған дейін тарихта, Рейхстагқа ресми түрде ту тіккен батырлар Михаил Егоров пен Мелитон Кантария болды.

Кейін олардың 2 мамыр күні, басқаша жағдайда ту тіккендері анықталды. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы Булатов бас көтертпей, бораған оқтың астында "Гимлердің үйінен" Рейхстагқа дейін еңбектеп барды. Бұл шамамен 300 метрдей жер болатын. Әрі бірінші болып Қызыл жалауды орнатты.

Қошқарбаевтың қызы Әлия әкесі өзінің ерлігі жайлы ешқашан айтпағандығын есіне алады. Тек Кеңес сарбаздарына жеңістің қандай қиыншылықпен келгендігін ғана айтатын. Оның досы, танымал журналист Кәкімжан Қазыбаев әділетсіздікпен келіскісі келмей, барлық инстанцияларға барып шыққан. Қошқарбаевтың құрметіне орай, мектеп, көше аттарын батырдың есімімен атауды немесе мемориальдық тақта орнатуды ұсынғандығын оның жұбайы Орынша Қарабалина-Қазыбаева айтып берді. Ақыры оған қол жеткізеді, бірақ досы қайтыс болғаннан кейін.

Ақмолада көше оның есімімен аталып, Алматыда естелік тақта орнатылды. Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы қайтыс болды. Өлгеннен кейін 2001 жылы оған "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети