Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қостанай мектебіндегі оқушылар жазғы демалыста шетелге "кетуге" мәжбүр

25 Мамыр 2015, 16:52
0
©Novosti-ru.ru
©Novosti-ru.ru

Қостанайдағы мектепте мұғалімдер балаларға жазда қай елге барып демалатынын көрсетуді мәжбүрлеп жатыр, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары". Үшінші сыныптағы оқушының анасының айтуынша, баласының сынып жетекшісі анкетаға алыстағы шетелді көрсетуін талап еткен.

Оның айтуынша, сынып жетекшісі "Жазғы каникулда қай елде болатындарыңды көрсетіп, анкетаны толтырыңдар. Бұл қиырдағы шетел болуы керек. Бұл бізге есеп беру үшін қажет" деп айтқан. Егер балалар жауап беруге қиналса, мұғалім олардың ата-анасына хабарласып, тезірек жауап беруін талап еткен.

"Біз балалардан қай елде болатынын ғана сұрадық. Бұл бізге есеп беру үшін керек, оқушыларымыздың осы уақытта қайда баратынын білуіміз үшін. Ауылда ата-әжесінің үйінде, үйде, жазғы лагерьлерде демалу - әр отбасының ісі. Бәлкім сынып жетекшісі ата-аналарға дұрыс ақпарат бермеген шығар, мүмкін, олар мұғалімді дұрыс түсінбеген шығар. Біз бұл мәселені нақтылаймыз", - деді мектеп директорының орынбасары Галина Лозовая.

Осыған дейін халықаралық сарапшылар Қазақстанның білім беру жүйесіндегі негізгі проблемаларды атаған болатын. Республикалық тамыз кеңесінде ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының директоры Серік Ирсалиев зерттеу нәтижелерін жария еткен еді. Шенеуніктің айтуынша, сарапшылар оқу бағдарламасын, оқу аптасы мен ұзақ каникулдарды да сынаған. Бұған дейін бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл сұрақтың министрлікте талқыланбайтынын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай