29 қыркүйек 2015 | 14:07

Қостанай облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kostanay.gov.kz © Kostanay.gov.kz

Қостанай облысындағы Жітіқара ауданының әкімі болып Абай Ибраев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Қостанай облысындағы Жітіқара ауданының әкімі болып Абай Ибраев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен, ҚР Конституциясының 87-бабы, 4-бөліміне сәйкес облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жітіқара ауданының әкімі қызметіне Абай Ибраевты тағайындады", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Ибраев 2014 жылдың тамызынан бері Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.

Сонымен қатар, Лисаковскке де жаңа әкім болып Алмат Исмағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Қарабалық ауданын басқарды. "Аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен, ҚР Конституциясының 87-бабы, 4-бөліміне сәйкес облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Лисаковск ауданының әкімі қызметіне Алмат Исмағұловты тағайындады", - деп жазылған әкімдік сайтындағы хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне Роза Кемалова келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети