Қостанай облысында ер адам қонақүй әкімшісін тапаншамен қорқытқан

18 Қыркүйек, 10:58
0
Қостанай облысында ер адам қонақүй әкімшісін тапаншамен қорқытқан -

Қостанай облысы Қарабалық ауданында ер адам қонақүй әкімшісін тапаншамен қорқытқан, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"15 қыркүйекте 37 жастағы ер адам мас күйде қонақүй кешеніне басакөктеп кіріп, мекеменің әкімшісін пневматикалық тапаншамен қорқытқан. Ер адам ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық білдірген", - делінген хабарламада. 

"Құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай