07 сәуір 2016 11:50

Қостанай облысында Наурыз мейрамына киіз үй тігу кезінде кәсіпкер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қостанай облысында Наурыз мейрамына киіз үй тігу кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің блогына Сарыкөл ауданының тұрғыны Ислам Нұрмағамбетов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында Наурыз мейрамына киіз үй тігу кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің блогына Сарыкөл ауданының тұрғыны Ислам Нұрмағамбетов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрмағамбетовтің айтуынша, 20 және 21 наурызда облыста дауылды ескерту жарияланған, бірақ Наурызды тойлау үшін кәсіпкерлер киіз үй тігуге мәжбүрленді. Дауылдың салдарынан киіз үйден "Акгеик" ЖШС-ның атқарушы директоры Жалғасов А.У. құлап түсті. Тұрғындардың айтуынша, әкімнің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Елжан Тұрабеков Жалғасовты киіз үйді тік деп асықтырған, деп жазды автор әкімнің блогына.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз жауабында қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның мерекелік шараға киіз үй тігу кезінде кәсіпорын басшысы тарапынан қауіпсіздік техникасын өрескел бұзуы салдарынан болғанын атап өтті.

"Сондықтан болған жайтқа байланысты барлық жауапкершілікті аудан әкімінің орынбасары Тұрабековке іле салу дұрыс емес. Мерекелік шаралар өңір тұрғындары үшін ұйымдастырылады және халықтың көңіл-күйі мен сауық-сайран салудағы мерекелік атмосфера оның сапалы әрі уақытында дайын болуымен байланысты. Бұл тақырыпқа қатысты Тұрабековтің төрағалығымен "Наурыз мейрамын" тойлау мәселелері бойынша кеңес өтіп, мемлекеттік органдардың басшыларына қоғамдық тәртіпті, өртке қарсы қауіпсіздікті, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсету туралы тапсырма берілді. Дәстүр бойынша, бұл кәсіпорынның басшылығы жыл сайын, мейрам қарсаңында, ескертусіз өз киіз үйін құрып, безендіруді бастайды. Биыл да солай болды", - делінген өңір басшысының жауабында.

Аудан әкімінің мәліметінше, Мұхамбеттің жауабында былай делінген, "Акгеик" ЖШС құрылтайшысы облыстағы танымал кәсіпкер Жалғасов А.Р. тарапынан мерекелік шараны ұйымдастырушыларға қатысты ешқандай наразылық болмаған. Қаза тапқан ер адамның отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Оның хабарлауынша, Сарыкөл АІІБ жедел-тергеу тобының жүргізген тергеу материалдары бойынша, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети