20 желтоқсан 2014 14:46

Қостанай облысының әкімі жәрмеңкедегі бағаны өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұралы Сәдуақасов. ©kstnews.kz/Константин Вишниченко Нұралы Сәдуақасов. ©kstnews.kz/Константин Вишниченко

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Жаңа жыл алдындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде саудагерлерді қымбат бағаларды өзгертуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды "Костанайские новости"


Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Жаңа жыл алдындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде саудагерлерді қымбат бағаларды өзгертуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды "Костанайские новости"

Облыс әкімі 2014 жылғы ең соңғы жәрмеңкені аралап көруді ұйғарған. Ол сауда сөрелеріндегі бағаны тексерді. Жәрмеңкелерде мәртебелі меймандар тексеріп кеткеннен кейін арзан бағалардың қайта шарықтап шыға келетіні бұрыннан айтылып жүр. Әкім сондай жайттың куәсі болды. Сауда орындарының бірінде Қостанай ауданындағы Затобол ауылынан әкелінген бройлердің құны 650 теңгеден 850 теңгеге қайта көтерілгені анықталды.

Нұралы Сәдуақасов бағаны дереу өзгертуді талап етті. "Қазір өзгертемін", - деп сасқалақтады саудагер. "Бұлай болмауы керек! Мұндай саудагерлерден тазару қажет. Кәсіпкерлер қоймалардан өнімдерді көтеріп сатып алады да, мұнда келіп саудалайды. Мұның бизнес екені түсінікті, бірақ бағаның бұлай өзгеруі дұрыс па?!" - деді әкім. Ол бір ғимаратта отырып, түрлі баға белгілейтін саудагерлерді қадағалауды тапсырды. 

Жәрмеңке Қостанайдағы Мұз сарайында өтті. Басылымның хабарлауынша, жалпы алғанда, мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өзге сауда орындарынан арзан болды. Сиыр етінің келісі 850 теңгеден, он дана жұмыртқа 160 теңгеден, картоптың келісі 65 теңгеден сатылды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети