10 қыркүйек 2014 13:20

Қостанай облысының полицейлері жүргізуші куәлігін заңсыз бергені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Жүргізуші куәлігі. ©tengrinews.kz Жүргізуші куәлігі. ©tengrinews.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен автомектеп директоры жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келгені үшін шартты түрде сотталды, - деп жазады "Алау" ақпараттық порталы. Олар жүргізуші куәліктерін заңбұзушылықпен беріп отырған.


Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен автомектеп директоры жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келгені үшін шартты түрде сотталды, - деп жазады "Алау" ақпараттық порталы. Олар жүргізуші куәліктерін заңбұзушылықпен беріп отырған.

Кеше Қостанай облыстық Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің екі қызметкері Марат Ахметов пен Жеңіс Әбілхайыров және "Отан" автомектебінің директоры Татьяна Бижанова мен жұмыссыз Арслан Асайыновтар сот алдына келді. Жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге қатысты сот процесі үш айға созылды. Басылымның анықтауынша, бұл алаяқтыққа төрт айыпталушының да қатысы бар болып шықты. 9 қыркүйек күні сот үкім шығарды. 

"Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы Марат Ахметов ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлімінде қаралған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, арнайы атақ – полиция майоры шенінен айырылып, үш жыл мерзімге құқық қорғау органдарында лауазымды атқару құқығынан айыру мен екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза, екі жыл сынақ мерзімімен шартты деп есептелініп, пробациялық бақылау орнатылды", - деп үкімнің мәтінін оқып берді судья Ольга Кузнецова. Тіркеу-емтихан бөлімінің екінші қызметкері Жеңіс Әбілхайыров та қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған үш жыл мерзімге құқық қорғау органдарында лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Автомектеп директоры Т.Бижановаға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағайындалған жаза, бір жыл сынақ мерзімімен шартты деп есептелініп, пробациялық бақылау орнатылды.

Ал жұмыссыз Арслан Асайынов жасанды құжаттар жасауға көмектескені үшін айыпты деп танылды. Оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағайындалған жаза екі жыл сынақ мерзімімен шартты деп есептелінді. "Сонымен қатар сотпен сәйкес шаралар қабылдау үшін алдын ала тергеу жүргізу кезінде және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржы полиция департаментінің қызметкерлерімен жіберілген заңбұзушылықтар бойынша Қостанай облысы прокурорының атына жеке қаулы шығарылды", - делінген сот үкімінде. 

Соттың пікірінше, жүргізуші куәлігін заңсыз беруге қатысты кейбір айыптауларды тергеу қателігінің салдарынан алып тастауға тура келген. Үкім және жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ және сот үкіміне шағым берілуі мүмкін. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда жаңа жүргізуші куәлігі 2015 жылдан соң, жүргізуші құжатын дайындаумен айналысатын мердігерлер арасында тендер өткізілгеннен кейін шығарылатыны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети