26 мамыр 2017 11:44

Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгердің айтуынша, оқиға 24 мамырда шамамен 16:00-де қалалық № 4 емхананың жанында болған. Видеода Lada маркалы автомобиль (мемлекеттік тіркеу нқмірі - 072 КР 10) рұқсат етілмеген белгіні елемей өтіп кеткен. "Ол жерден жүруге болмайды, ал ол өтіп кетті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзі ережені бұзады, шектен шыққандық", - деді ер адам. 

Қостанай облыстық ІІД өкілдері бұл көліктің полицейлерге тиесілі екенін растады. Ведомствоның мәліметінше, автомобиль Қостанай аудандық ішкі істер бөлімінің балансында екен. 

"Қазіргі уақытта ІІД-нің жеке құрамының инспекциясы қызметтік тексеріс бастады, толығырақ мәліметтер кейінірек хабарланатын болады", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети