Қостанай тұрғынының есімі Гиннес кітабына планетамыздың "Ең қарт тұрғыны" есебінде жазылуы мүмкін

03 Наурыз 2017, 18:59
0
Қостанай тұрғынының есімі Гиннес кітабына планетамыздың "Ең қарт тұрғыны" есебінде жазылуы мүмкін -

Бүгін 115 жасқа толған, еліміздегі ең қарт тұрғын Қостанайда тұрады. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты. Өздігінен жүріп-тұра алады. Ас үйге өз аяғымен барып, өзі тамақтанады. Қимылы ширақ, ойы сергек. Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны таңғалдырды. Санаулы жылдардан кейін қостанайлық Марфуға Селтеткенованың есімі Гиннес кітабына планетамыздың "Ең қарт тұрғыны" есебінде жазылуы мүмкін. Қазақстан-Қостанай арнасы кейуананы халін біліп, сұқбаттасып қайтқан. 


Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген. Бүгін 115 жас мерейтойын қарсы алған Марфуға әжей шау тартпаған. Еңкейіп бүгілмеген, жүрегіне әжім түспеген. Еңбек етіп есейген ерекше жан "Ұзақ жасаудың құпиясы - жүректің тазалығы" - дейді. 112-ке толғанша бес уақыт намазын қаза қылмаған. Ұлт-азаттық көтеріліс, нәубет пен соғыс жылдарының куәсі болған кейуананың тұңғыш қызы 97 жаста. Өскемен шаһарында тұрады. Келіні 93 жаста. 115-тегі ел анасының күтімі, алтыншы қызы Жібектің қолында тұрады екен.

Қазақстандағы ең қарт тұрғынның 1902 жылы, 3-наурызда туғанын растайтын төлқұжаттарын да өз көзімізбен көрдік. Көрдік те, ғажайыпқа еріксіз сендік. Оныншы мүшел жасқа аяқ басқан қарт ана шөбере-шөпшек тұрмақ, жетінші ұрпағы неменесінің алақанынан су ішкен. Бір әулеттің мәуелі бәйтерегі барша қазақ еліне өзінің ақ батасын берді.

Алла аузына салған шығар асыл әже 150 жасауға әл-дәрменім жетеді, - деп қалды. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзақ жасаған әйел Осакалық Мисао Окава Жапон елінен шыққан. Ал, қостанайлық ғасыр-ана жапондық кемпірдің рекордын жаңартатындығына сенімді. Өйткені, Марфуға әжейдің анасы 123 жасында дүниеден озған. Біз де Марфуға әжейге шуақты да ұзақ ғұмыр тіледік!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай