13 наурыз 2017 13:53

Қостанайда 18 жастағы қыз массаж салонынан интим-қызмет көрсетпеу үшін қашып құтылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tairaiufa.ru © tairaiufa.ru

Қостанай облысының полицейлері жезөкшелікке тартудың екі дерегін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қостанай облысының полицейлері жезөкшелікке тартудың екі дерегін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Ұзынкөл ауылының 17 жастағы тұрғынын әлдекімдердің жезөкшелікке тарту дерегін анықтаған. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелет жасына толмаған қызға оның 19 жастағы ауылдасы осы іспен айналысуға үгіттеген. Кәмелет жасына толмаған қыздың бес айлық баласы болуына байланысты келісімін берген", - дейді полициядағылар. 

Қыздың қандай жолмен ақша тауып жүргенін ата-анасына полицейлер жеткізген. Осыдан кейін олар полицияға барып арыз жазған. 

Екінші бір дерек Қостанай қаласында анықталған. Полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстаған, ол 18 жастағы қызға Тай массажын жасайтын салонға жұмысқа тұруға үгіттеген. Осы қызмет үшін ол қомақты қаражат беремін деп уәде берген. 

"Жәбірленуші болашақта интим-қызмет көрсетуі керектігін біліп, салоннан қашып кетіп, полицияға хабарлаған", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети