04 ақпан 2020 14:52

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлер өз әріптесін рейд кезінде тоқтатқан. Ер адамнан арақтың иісі мүңкіп тұрған. Құжаттарын тексеру кезінде оның полиция қызметкері екені анықталған. 

"Медициналық куәландыру кезінде оның жеңіл деңгейлі мас болғаны анықталған. Бұл 2 ақпанда болған, кеше ол жұмыстан босатылды. Ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Дүйсебаева. 

Осындай жағдай Атырауда да болған. Онда инспектор мас күйде ұсталған. Әкімшілік сот шешімімен аға лейтенант жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 15 тәулікке қамалды және қызметінен босатылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети