Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын Бейімбет Майлин ауданы деп қайта атау жөніндегі Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын", - делінген Жарлықта.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі - жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам екенін жазды.