Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қостанайдың экс-әкімі мен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

27 Қараша 2015, 13:53
1
© Tengrinews
© Tengrinews

Қостанай қаласының экс-әкімі мне оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды "Наша газета".  

27 қарашада №2 Қостанай соты пара алды және пара берді деген күдікпен ұсталған ірі кәсіпкерлер мен қаланың экс-шенеуніктерінен тұратын сегіз фигурантқа қатысты санкцияны қарады. "Сегіз адамдың қамауда ұстау мерзімі 2016 жылдың қаңтар айының басына дейін ұзартылды", - деді №2 соттың оқу орталығының маманы Гүлзада Жармұхамедова. Яғни, олардың қамауда отыру мерзімі төрт айдан жеті айға дейін ұзартылды.

Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың үй қамауында отыру мерзімі 2016 жылдың 8 қаңтарына дейін ұзартылды (қамауда ұстаудың жалпы мерзімі - 4 ай). Оның бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қамауда болады (жалпы мерзім - 5 ай), екінші экс-орынбасар Фрунзик Аракелянның тергеу изоляторында отыру мерзімі 2016 жылдың 3 қаңтарына дейін (жалпы мерзім - 5 ай). ТКШ экс-жетекшісі Жеңіс Шинкиннің тергеу изоляторында отыру мерзімі 2016 жылдың 5 қаңтарына дейін (жалпы мерзім - 7ай).

Кәсіпкерлер Леонид Васильев және Сергей Биктибаев 2016 жылдың 6 қаңтарына дейін тергеу изоляторында отырады. Гагик Овнанян - 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін (жалпы мерзім - 5 ай), Сергей Бобровтың үй қамауында отыру мерзімі 2016 жылдың 5 қаңтарына дейін ұзартылды (жалпы мерзім - 5 ай).


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай