Қоянбаев жанып тұратын шар туралы әзілдің қайдан шыққанын айтып берді

12 Мамыр 2017, 17:07
0
© Tengrinews.kz коллажы
© Tengrinews.kz коллажы

Шоумен әрі КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев "Казахи" командасының жанып тұратын шар туралы әзілдің қалай шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушыдары КВН ойыншыларын қазір көріпкел деп әзілдей бастады. Әзіл Бірінші арнаның эфирінде 2010 жылы айтылған еді, ал 2017 жылы Сфера Астанадағы EXPO көрмесінің басты символына айналды. 

"КВН-дегі жанып тұратын шар туралы әзілді біз Мәскеуде ойлап таптық. Ол уақытта біз EXPO жайлы білмедік. Қазақстанға туристерді қалай қызықтыруға болады, жанып тұратын алюминий шар қызықтыратын шығар", - деп әзілдеген едік. Содан кейін ғана басты экспонатымыз Сфера екенін білдік. Әзіл жайлы ұмытып та кеткен едік, бізге осы әзілдің видеосы WhatsApp арқылы келе бастады. Керемет сәйкестік", - деп пікір білдірді ол.

"Казахи" командасының бұл әзілін видеоның 1.13-ші минутынан көруге болады.

Айта кетейік, 10 маусымда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды. Tengrinews.kz тілшілері елдегі ең ірі жобаның ашылуға бір ай қалғандағы қалпымен танысқан еді. 

EXPO-2017. Ең ірі жобаның ашылуына бір ай қалды


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай