11 қаңтар 2018 13:28

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кесенесі "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Wikipedia.org © Wikipedia.org

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кесенесі "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kazakh-TV арнасына сілтеме жасап.


Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кесенесі "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kazakh-TV арнасына сілтеме жасап.

"ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстанның киелі жерлері" тізімін жасады. Аталған тізімге "Діни және ғибадат орындары" санаты бойынша Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Қозы Көрпеш Баян Сұлу кесенесі енді. Қазір этнографтар мен жергілікті әкімдік мыңжылдық нысанның арғы-бергі тарихына тағы бір шолу жасап жатыр", - дейді телеарна.

Көнекөз қариялардың айтуынша, мұнда әлі де зерттелмеген нысандар мен ашылмаған тарих көп екен. Мақсат - қос ғашық туралы тың деректерді жинақтай отырып, мавзолейді қайта жаңғырту. Осы уақытқа дейін республикалық бюджеттен 475 миллион теңге бөлініп, кесенеге баратын тас жол мен көпір салынған еді. Сәйкесінше өңір еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосып жатыр.

"Өсіп келе жатқан болашаққа дұрыс тәрбие беріп, патриоттық сезімге тәрбиелеп, осындай кесенелерді дамыта берсек деген ойымыз бар. Қазақстанның құнды жәдігерлерінің қатары толықты. Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы архивтен 100 жылдық тарихы бар Қазақстан картасы табылды. Құжатты 1894 жылы генерал-майор Большевтің басшылығымен әскери топографтар корпусы жасап, 1919 жылы өзгертулер енгізген. Бұл 21 бөліктен тұратын Кеңес одағы картасының бір бөлігі ғана. Құжатта еліміздің солтүстік, батыс, оңтүстік-батысы, орталық аймақтары көрсетілген. Жәдігер 1921 жылы Санкт-Петербор қаласында шығарылса да жер-су, өзен-көлдер атауы 1890 жылдардағы деректермен беріліпті. Карта Қазақстан тарихын зерттеушілерге таптырмайтын еңбек, мұнда 120жыл бұрынғы ауылдар мен қалалардың қалай аталғаны көрсетілген. Ал карта аудандық қорға 1935 жылы өткізіліпті, бүгінде жәдігер облыстық архивке әкелінді. Архив қызметкерлерінің айтуынша, карта бірегей әрі толық жасалғанымен, жақсы сақталмаған. Сондықтан реставрация жұмыстарын жүргізу керек.", - дейді Тарлаулы ауылдық округінің әкімі Нұрбек Қабдыкешов.

Облыстық мұрағаттың бөлім жетекшісі Ольга Полеткина да бұл картаның зор пайдасы тиюі мүмкін екенін айтады.

"Бізде енді осындай көне картаның бар екенін білген адамдар соны көру үшін, зерттеу үшін көптеп келетіні сөзсіз. Мәселен, жер-су аттарын өзгертуде бұл картаның зор пайдасы тиюі мүмкін. Сондықтан, біз қазір оның көшірмесін жасаймыз. Мүмкін масштабын үлкейтерміз. Әйтеуір, жұртқа ыңғайлы болу жолын қарастырамыз", - деді Ольга Полеткина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети