20 қазан 2015 18:13

ҚР Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы педофилдерді піштіру жазасын қорлық деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы педофилдерді химиялық кастрациялауды адамзатты қорлау деп атады. Бүгін Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы оқылды.


ҚР Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы педофилдерді химиялық кастрациялауды адамзатты қорлау деп атады. Бүгін Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы оқылды.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы тілшілерге Қазақстанда педофилдерді химиялық және физикалық кастрациялауға қатысты өз пікірін айтты.

"Адам құқықтарын шектейтін мұндай операциялардың көбі әлемдегі елдердің басым бөлігінде қолданылмайды. Бұл мәселені көтермес бұрын жақсылап талдау керек. Сосын нақты шешімге келу керек", - деді ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.

"Адамға кастрация жасау қорлық болып саналады. Меніңше, оларды өмір бойына түрмеге отырғызуға болады. Егер оның кінәсі толықтай дәлелденсе, шартты түрде немесе мерзімінен бұрын босатудың қажеті жоқ", - деді ол.

Бұл мәселеге қатысты өз ойын Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов та айтып өтті.

"Қоғамда түрлі ұсыныс түсіп және талқыланып жатыр. Бұл ұсыныстарды дереу қабылдаудың қажеті жоқ. Біз адам құқықтарын толықтай қорғай отырып адам құқығы бұзылмайтын дұрыс мемлекет құра аламыз. (...) Қанша жылға соттайтынын сот шешеді. Біз толықтай гуманистік қоғам құруымыз керек. Бізде заң бар, сондықтан да біз қылмыстың деңгейін сол заңға сәйкес анықтаймыз", - деді Қуаныш Сұлтанов.

Еске сала кетейік, биыл маусымда Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізуді ұсынған болатын. "Піштіру даулы мәселе болса да, ол сақтандыру шарасы, ерікті немесе еріксіз, химиялық немесе физикалық. Көптеген елде, оның арасында Ресейде бұл әдіс қылмысты азайту мақсатында енгізілген және бірінші кезекте ол бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қолданылады", - деп мәлімдеді ол кезде Исаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети