30 қаңтар 2017 12:29

ҚР АКМ өкілдері gov.kz сайттарына жасалған хакерлік шабуылдарға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© habrahabr.ru © habrahabr.ru

ҚР АКМ өкілдері gov.kz аясындағы сайттарға жасалған хакерлік шабуылдарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР АКМ өкілдері gov.kz аясындағы сайттарға жасалған хакерлік шабуылдарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылар өткен демалыста жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өкілдік органдарының, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бағынышты ведомстволық органдарындарындағы интернет-ресурстарға хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады. ҚР АКМ өкілдері 21 сайтқа шабуыл жасалғанын тіркеген.

"Осы оқиғаларға байланысты интернет-ресурстардың иелеріне осындай хакерлік шабуылдарға жол бермеуі үшін хабарландыру жіберілді. Бар мәліметтерге сүйенсек, интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан. Мұндай оқиғаларға сайт иелеренің ондағы ақпаратты басқару жүйесінің (CMS құрылғысын) жаңартылуын дер кезінде бақыламауынан және интернет-ресурстардың жосықсыз өнім берушілермен келісім жасауы себеп болып отыр", - деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қажетті шаралар қолданылып жатыр екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін gov.kz аясындағы сайттарға жаппай хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Мамандардың айтуынша, ShadowTeam хакерлер тобы 28 қаңтарда gov.kz аясындағы сайттарға жаппай кибершабуыл жасаған, соның ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріндегі аудандардың мемлекеттік сайттарына, ШҚО табиғи ресурстар департаменті (https://www.e-priroda.gov.kz/) және Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының (www.alplan.gov.kz) сайттары да бар. Осы аталған сайттардың барлығында да бұзып кіру дерегі бойынша, ешқандай да шара қолданылмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети