ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитет басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

07 Қараша 2016, 17:29
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитет басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы Сақташ Хасенов ұсталғаннан кейін, ҚР АШМ мамандарымен бірлесе арнайы комиссия құрылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеме жасады. 

"Қазіргі уақытта бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сондай-ақ, біздің мамандармен жұмыс істейтін арнайы комиссия құрылды. Мұндай істердің алдын алу қажет, жол беруге болмайды", - деді Айтуғанов. Сонымен қатар, ол Хасеновтың қандай жұмысшы екені туралы ештеңе айтпады, себебі ол министрлікте жұмыс істеп жатқанына үш ай ғана болған. 

Еске салайық, Сақташ Хасенов 4 қарашада бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деді Антикоррупция қызметі.

Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай