10 қыркүйек 2015 11:12

ҚР Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай © vk.com Ақжарқын Тұрлыбай © vk.com

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды отанында да қатаң жаза күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды отанында да қатаң жаза күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық азаматшаға қатысты үкім заңды күшіне енген жоқ, себебі адвокаттардың жоғары тұрған инстанцияға шағым түсіргенін білеміз. Егер іс заңды күшіне енсе, ол Қазақстан азаматшасы ретінде Бас прокуратураға немесе қытайлық тарапқа жаза мерзімін осында, Қазақстанда өтеуге өтініш бере алады. Оның заңгерлік құқығы бар, себебі Қазақстан мен Қытайдың арасында сотталғандарды беру туралы келісімшарт 2011 жылы жасалған", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов Парламенттің үзілісінде.

Ал оның экстрадициясының мерзімі жайлы сұраққа Асанов былай деп жауап берді: "Бір немесе екі жыл деп ойламаймын. Барлығы да Қытай халық республикасының жоғары соттарының бұл істі қаншалықты жылдам қарайтынына байланысты. Сотталғанның өзіне де байланысты, ең жоғары инстанцияға дейін бара ма. (...) Біздің Қылмыстық кодексіміз бойынша, мұндай қылмыс үшін қатаң жазаланады. Біздің сотымыз істі қарайтын болса ұзақ мерзімді тағайындайды", - деді ол.

Еске сала кетейік, маусым айында Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Кейін қорғаушы тарап үкімге шағым түсіретіндерін айтты, дегенмен шағымды қарау жарты жылға созылады. Ақжарқынның адвокаты қазақстандық қыздың өзін жақсы сезінетінін, денсаулығының да жақсы екендігін айтты. Кейін ҚР СІМ қызды отанына экстрадациялауға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінен есірткі заттары табылды. Ал кейін Казақстандық дипломаттардың Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланатыны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети