Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ҚР Бас прокуратурасы Әблязовті экстрадициялауға қатысты комментарий берді

16 Қазан 2015, 16:44
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Бас прокуратурасы Әблязовті Ресейден немесе Украинадан қайта экстрадициялау жөнінде ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бас прокуратура бұл мәселе бойынша кеңесуді заңнамалық нақты шешім шыққаннан кейін жалғастырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта айтылған.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, халықаралық құқық серіктестігі принциптері қатаң сақталып, халықаралық құқықтық серіктестік қатысушылары арасындағы міндеттемелер мен кез келген келісімге құрмет көрсетілетін болады.

"Қылмыстық сот өндірісі саласында еуропалық конвенцияға мүше елдер ретінде, Ресей мен Украина сауалдарының Қазақстанның экстрадициялық сұрауынан басым екеніне қарамастан, Қазақстанның Бас прокуратурасы франциялық билік пен құзіретті сотынан сауалды қарау жөнінде өтініш білдіруді жалғастырып отыр және Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін қылмыстық қудалаудан бас тартуға ниетті емес", - делінген ведомствоның жауабында.

Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық іс тергеуінің аяқталып, келтірілген шығынның орнын толтыруға көңіл бөліп отыр.

"Ресей мен Украинаның экстрадициялау шеңберіндегі сауалдары заңнамалық нақты шешімге келгенде Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресей, Франция және Украинадағы шетелдік әріптестерімен өзара әрекет ету бойынша кеңесуді жалғастырады. Бұл кезеңде қазақстандық сауал бойынша шаралардың қай кезде нақты аяқталатынына болжам жасау мүмкін болмай отыр. Ол экстрадициялау бойынша Ресей мен Украинаның сауалына шаралардың қолдану ұзақтығына байланысты болады", - деп түсіндірді Бас прокуратурадағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің Ресейге экстрадицияланатыны және мұндай шешімді Франция сотының қабылдағаны хабарланған болатын. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойды. Әблязов бұл шешімге жоғары әкімшілік инстанция - Францияның мемлекеттік кеңесінде шағым келтіруге құқылы.

"Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы франциялық сот шешімінің бірнеше міндеттемемен берілетінін және ол шарттардың сауалды жолдаушы тарапқа бағытталатынын мәлімдеген болатын. Нақтырақ айтқанда, Ресей мен Украина Француз Республикасына қылмыскерді үшінші жаққа бермеуге кепілдік ұсынуы тиіс, оны үшінші жаққа беру Францияның рұқсатымен ғана жүзеге асырыла алады", - деді ведомстводағылар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай