14 сәуір 2017 11:39

ҚР бас прокуроры жастарға арнайы курстардан өтпей үйленуге тыйым салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aharus.ru © aharus.ru

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандық жастарға арнайы курстардан өтпей, некеге тұруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандық жастарға арнайы курстардан өтпей, некеге тұруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жастар бір-бірін сүйіп, үйленіп жатады. Отбасылық өмірде бастапқыда барлығы жақсы, ал уақыт өте келе жанжал басталып, қол жұмсауға дейін барады. Жастардың көбі отбасылық өмірдің бақыты неде екенін білмейді. Сондықтан некеге тұру үшін арнайы курстан өту керек. Жастар ол курстан өтпейтін болса, оларға үйленуге де рұқсат бермеу керек. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде Сауд Арабиясы, Малайзия, Италия, Латвия елдерінде қолданылып келеді", - деді Асанов Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиянның кеңейтілген отырысы барысында.

Сондай-ақ, бас прокурор Қазақстандағы отбасындағы төбелескіштер үшін оларды психологиялық әдістермен түзеу қызметін жүзеге асыруды ұсынды.

"Агрессияға ұшыраған адамдар туралы айтатын болсақ, олармен ортақ тіл табысу қиын. Мұндай адамдарды емдеу қиын, себебі олар өздерін науқас деп санамайды. Бізге осындай адамдар үшін психологиялық әдістермен түзеу қызметін іске қосу керек. Қаражат жоқ деп айтамыз, бірақ жыл сайын айықтырғышқа 5 миллиард теңге жұмсаймыз. Мүмкін осының орнына Молдовадағыдай орталық салу керек", - деді бас прокурор.

Осыған дейін ҚР бас прокуроры Жақып Асанов отбасында ерлерді тәрбиелеуге қатысты проблемаларға тоқталған еді. Сондай-ақ, Жақып Асанов әйелі мен балаларын ұрып-соққан прокурор жайлы бір оқиға айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети