29 тамыз 2016 12:01

ҚР білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР білім және ғылым министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ вице-министрі қызметіне тағайындалған Асланбек Амринмен таныстырды. 

Асланбек Кемергенұлы Амрин Солтүстік Қазақстан облысы Смирнов ауылында 1982 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. 2003 жылы М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, 2012 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша University of Illinois at Urbana – Champaign университетін бітірген.

2003-2005 жылдары инновациялық ЖШС KITEX, ЖШС "Жаңа технологиялар мен материалдар енгізу орталығы", "Қазақстандық инновациялық технологиялар" АҚ сияқты компанияларда қызмет еткен.

2005-2010 жылдары әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, кейіннен ҚР Премьер-министрі кеңсесіндегі индустриалды-инновациялық даму бөлімі орынбасарының басшысы қызметінде болған.

2012-2015 жылдары "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне келіп, 2015-2016 жылдары Қазақстан бойынша телекоммуникациялық  TIMWE International компанияларының бас менеджері қызметінде болды.

2016 жылдың 26 тамызында ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети