08 тамыз 2017 | 13:15

ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы - Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы - Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, дәріші, іскери әкімшіліктендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясынан бастаған.

2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2010 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазмдарды атқарған. 2011-2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президентінің Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Медицина қызметінің аға лейтенанты атағына ие.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети