ҚР елшісі Мысырдың СІМ өкілдерімен қазақстандық студенттердің жағдайын талқылады

26 Шілде 2017, 14:49
0
ҚР елшісі Мысырдың СІМ өкілдерімен қазақстандық студенттердің жағдайын талқылады - Facebook/Қанат Берік және Еламан Жазылхан.
Facebook/Қанат Берік және Еламан Жазылхан.

Қазақстан тарапы Мысырдағы студенттердің ұсталу себептері мен жағдайын анықтау бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі. 

"Біз қазақстандық студенттердің Мысырда не себепті және қандай жағдайларда ұсталғанын анықтау жұмысын жалғастырып жатырмыз. Кеше Қазақстан елшісімен кездесу қорытындысы бойынша Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасары жақын уақытта ресми жауап болатынын айтты", - деп жазған Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігіне Мысырдың Қазақстандағы істері бойынша уақытша тағайындалған сенімді тұлғасы шақыртылғаны айтылады.

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай