Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ҚР ИДМ Bek Air ұшағының Астанада апатты жағдайда қону себебін анықтайды 27 наурыз 2016, 13:04

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің комиссиясы Bek Air әуе компаниясының ұшағының Астанада алдыңғы шассиінсіз қону себебін тергейді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің комиссиясы Bek Air әуе компаниясының ұшағының Астанада алдыңғы шассиінсіз қону себебін тергейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген "Фоккер-100" ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.

Сонымен қатар, ведомстводағылар әуежайдың, қалалық жедел қызметтің үйлесімді жұмысы мен әуе кемесінің эикипажының кәсібилігі жөнінде айтты.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram