ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты мәлімдеме жасады

16 Қыркүйек 2016, 16:53
0
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты мәлімдеме жасады - © macdigger.ru
© macdigger.ru

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының иелерінен және жолаушылардан ұшақ бортында смартфондарды қолданудан бас тартуға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Samsung компаниясының Galaxy Note 7 маркалы телефонға қатысты айтылған ресми мәлімдемесінің негізінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жолаушылар мен экипаж мүшелерінен бортта Galaxy Note 7 гаджеттерін қолданудан бас тартуын сұрайды.

"Бортта осы құрылғыларды өшіріп, қуаттамай, сондай-ақ оларды жүкте сақтамауға кеңес береміз. Смартфондар өздігінен қызып, бұзылатын жағдайда ұшақтағы экипаж мүшелеріне хабарлауыңызды өтінеміз. Осыған байланысты кеңестер Қазақстандағы барлық әуе компания өкілдеріне айтылды", - деді министрліктің өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық әуе компаниялар Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай