26 тамыз 2014 12:34

ҚР Қаржы полициясы академиясы таратылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қаржы полициясы академиясы өзінің жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы хабарламаны академияның баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қаржы полициясы академиясы өзінің жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы хабарламаны академияның баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі өзінің таратылатынын хабарлайды", - делінген баспасөз парағында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Президенттің қаржы полициясын тарату туралы жарлығына сәйкес қабылданған. Академия өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта мұнда білім алып жатқандарды басқа ЖОО-ларға ауыстыру мәселесі ашық күйінде қалып тұр. Сонымен бірге, оқу орнына басқа атау беру мәселесі де әзірше шешілмеген.

Қаржы полициясы академиясы 15 жыл бойы жұмыс істеп келді. Осы жылдары оқу орнынан қаржы полициясының 1351 лейтенанты білім алып шықты. Бүгінде мұнда 479 адам оқып жатыр, 22 магистрант пен 8 докторант бар. Академияда білім алу тегін болды, мұнда үміткерлер медициналық және психофизиологиялық өлшемдер мен дене дайындығы бойынша іріктеу және құқық білімі бойынша әңгімелесу негізінде қабылданды.

  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети