ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

10 Желтоқсан 2016, 15:16
0
ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді - Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен
Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

2016 жылдың 9 желтоқсанында кешенді тактикалық-саптық сабақтарды өткізу шеңберінде ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу дабылының белгісі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, еліміздің Қарулы Күштерінің бүкіл әскер түрлері мен тектерінің барлық жеке құрамы көтерілді.

"Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында Бас штаб стационарлық пункттен жылжымалы басқару пунктіне әскерлерді басқаруды тарату мәселелерін пысықтады. Сонымен бірге, Қарулы Күштер түрлерінің әрбір түрі жауынгерлік даярлықтың жекелеген тапсырмаларын пысықтады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, құрлық әскерлерінде бөлімшелердің роталық лектердің құрылу аудандарына шығуы жүзеге асырылды, жылжымалы басқару пункттері өрістетілді, аумақтық қорғаныс құралымдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылған.

Әуе қорғанысы күштерінде стационарлық және жылжымалы басқару пункттерін өрістету өткізілді, аймақтық қағидат бойынша әуеайлақтардың күзетілуі күшейтілді, барлық авиациялық техникада қозғалтқыштардың іске қосылуы жүзеге асырылды.

Әскери-теңіз күштерінде радиожаттықтырулардың іс-қимылдары пысықталды, корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуы жүзеге асырылды. 2 желтоқсан күні Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталғанын естеріңізге сала кетейік. Ол бойынша 2017 оқу жылында әскерлердің жауынгерлік даярлығы жетілдірілетін негізгі бағыттар белгіленді.


Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай