Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚР Қарулы күштері қатарында сегіз мыңнан астам қыз-келіншек қызмет етеді

08 Наурыз 2014, 21:24
0
Сурет ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында сегіз мыңнан астам әскери қызметші қыз-келіншек бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап.

821 қыз-келіншек офицер шенінде болса, 54-і Қазақстан Қарулы күштері қатарында басшылық лауазымдарды атқаруда. Қазақстан әскері сапында қызмет атқарып келе жатқан әйелдер арасында сегіз полковник, 27 подполковник, 134 майор, 211 капитан, 258 аға лейтенант және184 лейтенант бар.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген әскери қызметші әйелдерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Жақсыбеков өздерінің еңбегімен Қарулы Күштерімізді нығайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы мереке құрметіне орай ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген әскери қызметші әйелдерге кезектен тыс әскери атақтар беріп, мақтау қағаздарырмен марапаттады.

Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарып жүрген әйелдер өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерімен әрдайым сенім үдесінен шығып келеді. Көптеген аяулы жандар ер азаматтармен бірдей Отан қорғау ісіне атсалысып, жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай