25 шілде 2015 11:17

ҚР ҚК 300-ден астам әскериі Алматыдағы селден зардап шеккендерге көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚК 300-ден астам әскери қызметшісі Алматыдағы табиғи төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ҚК 300-ден астам әскери қызметшісі Алматыдағы табиғи төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 25 шілдеде таң сәріде Алматы гарнизонының 327 әскери қызметшісі Қарғалы аулына келді. "Жеке құрам төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажетті арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Әскери қызметшілер су басқан тұрғын үйлер мен алаңдарды тазалауда. Бізден талап еткен кез-келген көмекті көрсетуге дайынбыз", - деді ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Еркін Алашбеков.

Қажеттілік орын алған жағдайда жеке құрам төтенше жағдайдың нақ ортасында қалып қойған адамдарды тамақтандыру үшін осы жерде далалық асхана өрістетуге дайын.

Еске сала кетейік, Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің арнасынан асуына байланысты Қарағайлы және Таусамалы шағын аудандары ішінара суда қалып қойды. Нәтижесінде Алматы қаласына қарасты Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарының тұрғын үйлері зардап шекті. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, барлығы 900 адам табиғи апат орнынан көшірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети