ҚР ҚК-нің десанттық-шабуылдау бөлімшелері шартты дағдарыс ауданындағы іс-қимылдарға кірісті

10 Қараша 2016, 13:01
0
ҚР ҚК-нің десанттық-шабуылдау бөлімшелері шартты дағдарыс ауданындағы іс-қимылдарға кірісті -

2016 жылғы 9 қарашада кенеттен оқу-жаттығуларды өткізу ниетіне сәйкес десанттық-шабуылдау және артиллериялық бөлімшелердің жеке құрамы штаттық техникада "Мәтібұлақ" полигонындағы белгіленген аудандарға штаттық техникада келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Жауынгерлік бөлімшелерді басқару үшін басқару пункттері өрістетілді. Онда алдағы іс-қимылдарды жоспарлау жүріп жатыр.

Шоғырландыру ауданында күзет пен қорғаныс ұйымдастырылды. Әуе, радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау бекеттері шығарылды. Радиоэфирдің тұрақты мониторингісі жүргізілуде.

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау бөлімшелерінің күшімен шартты дағдарыс ауданында барлау-іздестіру әрекеттері жалғасуда. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының барлау топтары мен бөлімшелері ықтимал қарсылас туралы ақпарат жинауды жүргізіп, оны басқару пункттеріне беріп жібереді. Барлау бөлімшелеріне қарсыласты белгілеу бөлімшелерінің орналасу орындарын айқындауға айтарлықтай жәрдемдесетін шынайы уақыт режімінде қосымша жердің ғарыштық кескіні пайдаланылады.

Инженерлік-саперлік бөлімшелерімен аудандарды инженерлік барлау жүргізіледі. Әскерлердің орналасуының фортификациялық жабдығы мен тактикалық бүркемеленуі ұйымдастырылды.

Ұзақ қашықтыққа марш жасай отырып, десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлық бөлімшелері дағдарыстық ауданды оқшаулау жөнінде әрі қарай тапсырманы орындау мақсатында белгіленген ауданға шоғырланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай