19 наурыз 2015 11:33

ҚР консулдығы өкілдері АҚШ-та "Ислам мемлекетімен" байланысы үшін ұсталған қазақстандықпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

ҚР консулдығы АҚШ-та "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы үшін ұсталған қазақстандықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР консулдығы АҚШ-та "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы үшін ұсталған қазақстандықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен АҚШ билік өкілдерімен 2015 жылы ақпан айының соңында ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сейдахметовпен кездесті. Кездесу барысында Сейдахметов денсаулығы мен түрмедегі жағдайына қатысты шағым айтқан жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, АҚШ Федералдық соты оған тәжірибелі адвокат А.Перлматтерді тағайындады. Оның айуынша, келесі аптада сот айыптау актісін іске қабылдауы мүмкін. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені бақылауында ұстап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 19 жастағы азаматының АҚШ-та "Ислам мемлекеті" террорлық тобын қолдау мақсатында сөз байланысты және аталған ұйымға Сирияда қосылуға және лаңкестік әзірлеуге ниеттенді деген айыппен тұтқындалғаны хабарланған еді. Ахрор Сейдахметов Нью-Йоркте Кеннеди атындағы әуежайда Стамбұл бағытындағы рейске отырарда ұсталған. Сейдахметовтің сыбайластары - Өзбекстан азаматтары - 24 жастағы Абдурасул Джурабоев пен 30 жастағы Аброр Хабибов та тұтқындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети