Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

ҚР Қорғаныс министрі әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын белгіледі

21 Қыркүйек 2016, 12:19
0
© ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты
© ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен Қарулы Күштердің командалық құрамымен селекторлық кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Отырыста ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық армияның жоғары жауынгерлік әзірлігін, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығын, Қарулы Күштерде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті ұстап тұру мәселелері бойынша ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған тапсырмаларды жеткізді.

Кеңес барысында Қорғаныс министрі бағынысты құрамалар мен бөлімдердегі істердің жай-күйі, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылуы, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының баяндамаларын егжей-тегжейлі тыңдады. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде командалық құрам мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, сондай-ақ, әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын нақтыландыра түсті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай