ҚР Қорғаныс министрі шақырылым барысын тексерді

21 Қазан 2016, 13:28
0
ҚР Қорғаныс министрі шақырылым барысын тексерді - © ҚР Қорғаныс минитстрлігінің баспасөз қызметі
© ҚР Қорғаныс минитстрлігінің баспасөз қызметі

2016 жылдың 20 қазанында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жиын пунктіне жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай мен "Күз-2016" шақыру науқанының өткізілу барысы туралы Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының баяндамасын тыңдады.

Жиын пунктінде Қорғаныс министрі шақырылушылардың медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өту үдерісімен танысып, болашақ сарбаздармен әңгімелесті, сондай-ақ, мерзімді қызметке шақырылу барысын, сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді.

"Мен мақтаныш сезімдемін. Өйткені, әскерге бару республикамыздағы әрбір азаматтың борышы деп білемін.  Барша жаңадан шақырылушылардың атынан Отанымызға адал қызмет етеміз деп ант беремін", - деді Министрмен сөйлесу барысында шақырылушы Нұрлан Әбікенов.

Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрі мерзімді қызметтегі сарбаздарды мұқият іріктеу және қазақстандық армияда олардың қатарын ұлғайту жөнінде ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының талаптарын сапалы орындауға қатысты Алматы қ. ҚІЖД жиын пунктінің басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.


© ҚР Қорғаныс минитстрлігінің баспасөз қызметі

Әскери бөлімдерге шақырылушыларды іріктеу және тарату кезінде олардың шақырылуға дейінгі алған мамандықтары ескерілетінін естеріңізге сала кетейік.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай