29 қыркүйек 2015 18:34

ҚР Қорғаныс министрлігі республикалық "Әскери әулет" байқауын ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда алғаш рет "Әскери әулет" республикалық байқау өтіп жатыр. Байқауға қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді қорғаған, нағыз жауынгерлік операцияларға қатысып, бейбіт уақытта әскери қызметте ерекшеленген өздерінің тума-туыстары туралы айтып бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқауға қатысуға екі бірдей ағасы Ауғанстандағы соғысқа қатысқан, Қарағанды тұрғыны Бақытжан Жақыпов та өтініш берді.

Бақытжан Жақыпов Қарағанды гарнизонының әскери полиция бөлімінде 16 жылдан бері қызмет етеді. Ол өзінің ағалары Ғалым және Ғалиды мақтан тұтады. Екі ағасы да Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, олардың өмірбаяны ерлік іс-әрекеттермен ерекшеленеді. Ағайындылар Асадабад қаласындағы 66-жекелеген мотоатқыш бригадасының батальоны құрамында қызмет еткен. Ғалым мен Ғали барлық жауынгерлік операцияға қатысқан, сол үшін "Жауынгерлік еңбектері", "Батырлығы мен ерлігі үшін", "Батырлығы үшін" медальдарымен, "Ауған соғысының ардагері" орденімен марапатталған. 

"Жауынгерлік операцияны орындау кезінде әскери әулеттің отағасы Ғалым Жақыпов танктердің легі құрамында жүріп бара жатады. Оның алдында кетіп бара жатқан әскери автомобиль қиратылған екен. Алайда, Ғалым лекті тоқтатпау үшін еш абдырамай, қозғалысты жалғастыра берді. Ол жаулардың оқ жаудыруына қарамастан соғылған танкті іліктіріп, оны тартуға кірісе бастады. Бұл ерлігі үшін үлкен Жақыпов 1-взвод командирінің орынбасары болып тағайындалды. Мұндай ерлікке ағайындылардың екіншісі Ғали да барған. Түнгі уақытта жауынгерлік операцияны орындау кезінде ол танкті зеңбіректен дұшпандарының реактивті снарядын соққан. Бұл үшін ол 2-взвод командирінің орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, үлкен ұлдарының ерлігіне қарамастан отағасы кенже ұлы Бақытжанды мерзімді қызмет өткеруге үзілді-кесілді қарсы болды. "Сол кезде мен 1977 жылдың қазанында әскерге достарымды шығарып салуды сылтауратып, Отарға қызмет жасауға жөнелдім", - деп Бақытжан еске алды. Одан кейін ол өзінің ғұмырын әскери полициямен байланыстырып, үлкен ағаларының ізін қууға бел буған. "Мен нағыз батыр деп білетін ағаларым туралы мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымын. "Әскери әулет" байқауы - бұл өзіңнің отбасылық тарихыңмен бөлісуге керемет мүмкіндік", - деді Бақытжан Жақыпов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети