24 қазан 2014 15:27

ҚР ІІМ өмірлік жазадан басқа ең ұзақ мерзімге сотталғандарды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды есептемегенде, Қазақстанда ең ұзақ жаза өтеп жатқан адам 30 жылға сотталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділда Ораз айтты.


Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды есептемегенде, Қазақстанда ең ұзақ жаза өтеп жатқан адам 30 жылға сотталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділда Ораз айтты.

Сотталған адамның аты-жөні, ол жасаған қылмыс, оның сотталған уақыты мен жазасының аяқталатын мерзімі жария етілген жоқ. "Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардан ең ұзақ жаза мерзімі: ер адамдар арасында - 30 жыл, әйелдер арасында - 28 жыл", - деп хабарлады Ораз. 

Адвокат Жохар Өтебеков мұндай ұзақ мерзімді жазаның қандай қылмыстар үшін берілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, егер айыпталушы екі не одан көп заңбұзушылық жасаса және оның бірі 20-ға дейінгі санкциясы бар аса ауыр қылмыс болса, оған 25 жыл жаза берілуі мүмкін. "Тәжірибеге қарағанда, бұл әдетте қарақшылықпен немесе зорлаумен бірге жасалған кісі өлтіру қылмысы болады", - деді Өтебеков. Адвокаттың айтуынша, сотталушы сот үкімімен соң да ауыр қылмыс жасаса, бұдан да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. "Қылмыскер түзеу колониясында жаза өтеп жатуы мүмкін, бұл үкімдердің жиынтығы деп аталады. Егер жасалған қылмыстардың біреуі аса ауыр болса, онда бас бостандығынан айыру жазасының жалпы мерзімі 30 жылға дейін жетуі мүмкін", - деді ол. Өтебековтің айтуынша, оның білетін ең ұзақ жазасы - 28 жыл - есірткі саудагеріне берілген. "Бұл істе колонияда отырған адам есірткі заттарын елімізге заңсыз әкелумен айналысатын ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік еткен", - дейді адвокат.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың наурыз айында 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы Travel Express фирмасы қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасаған Хаваж Мұхадиновке берілген еді. Қарақшылармен атыс кезінде компания қызметкері Олег Крылов қайтыс болды. Айта кетейік, республикамызда қылмыскерлерге өлім жазасы да қарастырылған. Бірақ мұндай үкімдерге мораторий жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети