12 желтоқсан 2014 17:12

ҚР ІІМ оң рульді көліктерге салынатын тыйым жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©carclub.ru ©carclub.ru

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мамандары Tengrinews.kz тілшісіне БАҚ-та тараған 1 қаңтардан бастап оң рульді көліктерге тыйым салынатыны туралы ақпарат төңірегінде түсінік берді.


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мамандары Tengrinews.kz тілшісіне БАҚ-та тараған 1 қаңтардан бастап оң рульді көліктерге тыйым салынатыны туралы ақпарат төңірегінде түсінік берді.

Полициядағылар Қазақстанда оң рульді көліктерді тіркеуге бұрыннан тыйым салынғанын айтты, ал 1 қаңтардан бастап бұл норма ұлттық заңнамадан Кеден одағы техникалық регламентіне өтеді. "Техникалық регламент бойынша оң рульді көлікті алғаш рет тіркеуге тыйым салынады. Яғни, автокөліктерді сырттан әкеле аласыздар, тек оларды қайта жабдықтау қажет болады, содан кейін ғана бізде есепке алынады. (...) Қазіргі техникалық ұлттық регламентте мұндай норма бар. Енді ол Кеден одағына ауыстырылады. Демек біз үшін ештеңе өзгере қоймайды", - деп жауап берді ІІМ мамандары. Бірақ олар аталған нормалардың Қазақстан, Беларусь және Ресей территорияларында күшінде болатынын атап өтті, тыйым "М-2", "М-3" категориясындағы оң рульді автокөліктерге салынады, олар - сыйымдылығы әртүрлі автобустар.

Айта кетейік, бұған дейін құрамына Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері кіретін Кеден одағы аумағында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық категориядағы оң рульді автокөліктерге тыйым салынады деп хабарлаған еді. Кеден одағына мұндай автокөліктер енді кірмейтін болады. Мұндай шектеулер "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети