03 шілде 2014 20:25

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амантай Күреңбеков.  Lada.kz сайтынан Амантай Күреңбеков. Lada.kz сайтынан

 ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақордаға сілтеме жасай отырып.


 ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысының бұйрығымен  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшылығына Амантай Күреңбеков тағайындалды.  Бұрын осы қызметте болған Ануар Садықұлов басқа  жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

Амантай Күреңбеков 1956 жылы туған. Ол В.И.Ленин атындағы Қазақ политехнологиялық  иснтитутты, КСРО мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің жоғары курсын бітірген. Күреңбеков ұзақ жылдар ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті. 1992-2001 жылдар аралығында ҚР Президент күзеті қызметінде лауазымды қызметтер атқарды. 2001-2009 жылдар аралығында Президент күзеті басқармасының орынбасары болды. 2009 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде еңбек етті. Шені – генерал-майор, 2 дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети