30 қазан 2016 12:34

ҚР премьер-министрі ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Конгресс-орталықтың, қонақ үй кешенінің, ЭКСПО-кеңсесінің, ЭКСПО-қалашығының және халықаралық павильондардың ғимараттарын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Конгресс-орталықтың, қонақ үй кешенінің, ЭКСПО-кеңсесінің, ЭКСПО-қалашығының және халықаралық павильондардың ғимараттарын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрме нысандары құрылысын уақытылы жүргізу, сонымен қатар, оларды инновациялық әзірлемелермен сапалы түрде толықтыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.

Премьер-министрді көрме аймағының аумағын көркейтуде, ішкі әрлеу жұмыстарына және нысандардың қауіпсіздік жүйесіне отандық материалдардың қолданылып жатқандығы туралы хабардар етті.

Айта кетейік, Конгресс-орталық - халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, панельдік сессиялар, қойылымдық шоу мен концерттер өткізуге арналған көп функциялы мәдени ойын-сауық нысаны. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, телескоптық мінбе мен мобильді аралықты жобалау бойынша технологиялық шешімдер әзірленуде.

Қонақ үй кешені - нысан халықаралық Hilton Worldwide операторының жұмылдырылуымен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасымен жүргізілуде. Қонақ үйдің инфрақұрылымы тәуліктік мейрамхананың үлкен және кіші залынан, конференц-залдан, келіссөз жүргізу және кеңсе бөлмесінен тұрады.

"ЭКСПО-қалашық" көппәтерлі тұрғын-үй кешені - 42 тұрғын үйден тұрады, және 1 374 пәтері, көліктің тұрақ орындары мен жерасты паркингі бар.

"Халықаралық павильондар" ғимараты - нысан 57 павильоннан, 6 ұжымдық павильон Дамушы елдерге көмек бағдарламасы аясында бөлінген. Аумағы бойынша ең үлкен дербес павильондар Германия, АҚШ, Корея, Ұлыбритания, Франция және Ресейге тиесілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети