Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Бұған дейінгі лауазымға ол 2019 жылы 26 наурызда тағайындалған еді.
Ғалымжан Қойшыбаев бұрындары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Ломоносов атындағы ММУ тәмамдады. Философия ғылымдарының кандидаты (1994). 1991-1994-Ломоносов атындағы ММУ философия факультетінің аспиранты.
1995-1997 жылдары-атташе, үшінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2004 жылы ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның өкілетті өкілі. 2004-2006 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы. 2006-2008 - СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.
2008-2012-Қазақстанның Литвадағы Елшісі, Қазақстанның Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы елшісі қызметін қоса атқарды. 2012-2016 - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі, Қазақстанның Эстониядағы елшісі қызметін қоса атқарды. 2016-2019 - Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Үйленген, екі баласы бар.