19 сәуір 2016 10:43

ҚР Президенті іс басқармасының көлік жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шыққаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Теміржан Құсайынов © Теміржан Құсайынов

Астанада ҚР Президенті іс басқармасының көлік жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шыққаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ҚР Президенті іс басқармасының көлік жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шыққаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғыны Теміржан Құсайынов тілшімізге ADM автомобилінің қарсы бағыттағы жолға шығып кеткені көрінген суретті жолдады. Ол оқиғаның 13 сәуірде кешкі уақытта болғанын хабарлады.

Редакцияның сауалына Астананың жергілікті полициясы жауап берді. 

"2016 жылдың 13 сәуірінде 18.45-те 1975 жылғы жүргізуші KIA549 ADM көлігімен Еңбекшілер көшесімен келе жатып, қарсы қозғалыстағы жолға шығып кеткен. Бұл жүргізуші анықталып, 596-баптың 3-бөлігі ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жазаға тартылды және ол бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Әкімшілік материал шешім шығару үшін сотқа жолданды. Көлік "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы" РМК меншігінде", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети