29 қаңтар 2016 11:12

ҚР Прокуратурасы тікұшақ апатына байланысты санавиацияның бюджет қаражатын жұмсауын тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның бас көлік прокуратурасы Алматы облысында тікұшақтың апатқа ұшырау ісін өндіріске қабылдап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның бас көлік прокуратурасы Алматы облысында тікұшақтың апатқа ұшырау ісін өндіріске қабылдап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың апатқа ұшырау дерегі ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы ("Темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") бойынша тіркеуге алынғаны хабарланды. Сонымен қатар, "Республикалық санитариялық авиация орталығының" бюджеттік қаражатты пайдалануына және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтаулуына тексерістер тағайындалды.

Айта кетейік, тікұшақ "Евразия" компаниясында сақтандырылған. Сақтандыру төлемақысы - 86 миллион теңге.

Еске салайық, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Бүгін таңғы сағат 8.20-да Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақтың бөліктері табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети